Ақмола облысы Степногорск қаласына қарасты Бестөбе кентінде шахтада жұмыс істеген екі заңсыз кенші бензин буына қатты уланып қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға «Новая» шахтасында, 600 метрден астам тереңдікте болған. Онда бензинмен жұмыс істейтін станция болған. Ер адамдар бензин буымен тыныстап, бағдарынан жаңылып, ұйықтап қалған. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.
Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға туралы ақпараттың тіркелгенін растады.
«Аталған дерек Степногорск қаласының полиция басқармасында тіркелді. Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады полиция.
Тексеру қорытындысы бойынша құқық қорғау органдары болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтайды.