Ақтөбеде Оңтүстік айналма жолында екі жеңіл автокөлік соқтығысты, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тауып, тағы үшеуі дене жарақатын алды», – деді Ақтөбе облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Айбек Борашев.
Аталған жол апатына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.