Оны іздестіру туралы Алматы қаласының 44 жастағы тұрғыны полицияға хабарлаған, деп жазды turkystan.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Хабар түсе салысымен көлік полицейлері дереу іздестіру жұмыстарын бастап, жедел әрекетке кірісті. 7 желтоқсан күні Ақтау қаласы әуежайын патрульдеу кезінде желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері жоғалған әйел мен оның сәбиін анықтады. Екеуі де аман-есен табылып, жеке басы тексерілгеннен кейін ата-анасының қолына тапсырылды.