Атыраулық палуан 94 тонналық вагонды сүйреп, рекорд орнатты

Ерсейіт Бралин алдағы уақытта Қазақстан рекордын жаңартып 120 тонналық 5 вагонды сүйреуді мақсат етіп отыр.

Атыраулық палуан 94 тонналық вагонды сүйреп, рекорд орнатты
instagram
261

Құрманғазы ауданының тұрғыны Ерсейіт Бралин 94 тонналық вагонды сүйреп, Қазақстанның батысы бойынша рекорд орнатты, деп хабарлады turkystan.kz сайты Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Осыған дейін ол, пауэрлифтингтен әлем чемипионы, Азияның қола жүлдегері, сонымен қатар Батыс Қазақстан бойынша «Толағай алыптар» сайысының чемпионы атанған. Қазіргі уақытта пауэрлифтинг пен грэпплингтен спорт шебері.

«Осылай ауыр салмақта жүк көтеруге қызығушылығым бұрыннан бар. Болашақта осы салада шәкірт тәрбиелеп, чемпиондарды шығарғым келеді. Қазірде Атыраудағы «Санатория» фитнес орталығында жаттығып, жарысқа шығамын. Жаттықтырушым Александр Литвиновқа алғысым шексіз», – деді Е.Бралин.

Ерсейіт Бралин алдағы уақытта Қазақстан рекордын жаңартып 120 тонналық 5 вагонды сүйреуді мақсат етіп отыр.

Серіктес жаңалықтары