Республикалық бірнеше автожол ашылды

Бірнеше трассада қар түседі.

Республикалық бірнеше автожол ашылды
istockphoto.com
Автор
Админ
171

Бүгін таңғы 05:00-ден бастап Алматы облысындағы автожол ашылды.

«Алма-Тау турбазасына кіреберіс» республикалық автожолының 0-15 шақырымында (Тұздыбастау ауылынан Бесқайнар ауылына дейін) көлік қозғалысы жанданды», - делінген ҚазАвтоЖол компаниясының хабарламасында.

Сондай-ақ бүгін Абай, Алматы, Жетісу және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қар күтілуде.

ҚазАвтоЖол компаниясы жүргізушілерден қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескеруін сұраймыз.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

 

     

  

Серіктес жаңалықтары