378
Ақтауда әкімдік алдында өзін өртеп жіберген ер адамның жағдайы белгілі болды
Мәлімет бойынша, науқастың жағдайында оң динамика жоқ
Маңғыстау облысы әкімдігінің алдында өзін жағып жіберген ер адамның қазіргі жағдайы белгілі болды, деп хабарлады облыстық көпсалалы аурухананың баспасөз қызметі.
Мәлімет бойынша, науқастың жағдайында оң динамика жоқ. Осыған байланысты дәрігерлер әзірге ешқандай болжам айта алмай отыр. Дәрігерлер азаматтың өмірі үшін әлі де күресіп жатыр.
Айта кетейік, 5 желтоқсанда Маңғыстау облысы әкімімен кездесуді талап еткен ер адам әкімдіктің алдында өзін өртеп жіберген болатын.