Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының бүгінгі жарыс күнінде әйелдер арасындағы алғашқы финалисіміз анықталды.
60 келіде жұдырықтасқан Виктория Графеева 1/2 финалда Таиланд спортшысы Порнтип Буапамен жолығып, төреші 2-раундта жекпе-жекті тоқтатты.
Ақтық сын 10 желтоқсан күні өтеді. Викторияның қарсыласы казір Қытай-Украина жекпе-жегінде анықталады.