2025 жылы Ұлттық қордан балалардың шотына 120-130 доллардан түседі

Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, әр балаға 130 доллардан деп есептеліп отыр.

2025 жылы Ұлттық қордан балалардың шотына 120-130 доллардан түседі
istockphoto.com
180

Сенат отырысында Қаржы министрі «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасында қазақстандық балалар есебіне қаражат доллармен аударылатынын мәлімдеді.

Парламенттің жоғары палатасының төрағасы Нұртөре Жүсіп қаржы министрінен әр балаға қанша ақша аударылатынын сұраған. Қаржы министрлігінің басшысы Мәди Тәкиевтің айтуынша, биыл 1 ақпанда шамамен 7 млн теңге – әр балаға 100 доллардан бөлінген.

«Қазір 100 доллардан есептеп отырмыз. Ақша доллармен аударылады. Ол өсіп жатыр. Инвестициялық табысқа келер болсақ, биыл 2,6 пайыз деп есептедік. Алдағы жылы, бәрі жақсы болса, инвестициялық табыс 3 пайызға ұлғаяды. Сол себепті қазір біз 1 қаңтарға әр балаға 118-120 доллардан деп алдық. Бірақ 1 ақпанға дейін бәрін тағы есептеп шығып, нақтысын айтамыз», - дейді министр.

Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, әр балаға 130 доллардан деп есептеліп отыр.

«1 қаңтарға дейін қанша бала дүниеге келгенін, қаншауы 18-ге толғанын есептеуіміз керек. Сол кезде қосымша ақпаратты жеткіземіз. Қаражат инфляциядан қорғалған, өйткені доллармен сақталады», - дейді Сүлейменов.

Еске сала кетейік, Ұлттық қордың инвестициялық табысының бір бөлігін балалар есебіне аударуды көздейтін заңға Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 16 қарашада қол қойған. Қор алғашқы төлемді жыл басында аударған.

Серіктес жаңалықтары