Кореяда әскери режим жарияланды

Корея президенті елде әскери режим жариялады.

Кореяда әскери режим жарияланды
Коллаж: https://glavred.info
565

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль шұғыл мәлімдеме жасады, деп хабарлады turkystan.kz порталы 24.kz телеарнасына сілтеме жасап.

Тікелей эфир арқылы халыққа жасаған үндеуінде әскери жағдай режимін жариялады. Мемлекет басшысы елді "коммунистік күштерден" қорғау мақсатында, яғни Парламентте басымдыққа ие Демократиялық партияның әрекеттеріне байланысты осындай шешім қабылдағанын мәлімдеді. Юн Сок Ёльдің сөзінше, бұл партия  Солтүстік Кореяның сөзін сөйлейді.

"Мен Корей халық демократиялық республикасының мүддесін қолдайтын күштерді жойып, еркін конституциялық тәртіпті қорғау үшін әскери жағдай жариялаймын", - деді ол.

Президент сондай-ақ ел аумағында енгізілген әскери жағдай азаматтарға қолайсыздық туғызуы мүмкін екенін айтып, билік оны барынша азайтуға тырысатынын жеткізді. Айта кетейік, соңғы кездері ресми Пхеньян мен Сеул арасындағы ахуал шиеленісе түсті. Экономикалық саясат пен ұлттық қауіпсіздік мәселері бойынша ішкі келіспеушіліктер күшейді.
 

 

Серіктес жаңалықтары