878
Мақпал Исабекованың әкесі қызының шақыру қағазын 14 жыл әмиянында сақтаған
Бұл туралы әнші әлеуметтік желіде жазған.
Әнші Мақпал Исабекова марқұм әкесін еске алып, көз жасына ерік берді, деп жазды turkystan.kz.
«Үйден марқұм әкемнің әмияның тауып алдым. Оның ішінде 2009 жылы өткізген концертімнің шақыру билеті бар екен. Әкем осы шақыру қағазды өмірінің соңына дейін, яғни 14 жыл сақтап жүріпті», — деп жазды әнші әлеуметтік желіде.
Еске салайық, былтыр әншінің әкесі өмірден өткені жайлы жазған едік.