Тұман, көктайғақ: ертең ауа райы қандай болады?
2 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
"Қазгидромет" синоптиктері 2 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Қызылорда облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
Ұлытау облысының шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман.
Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. 02-03 желтоқсанда облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. 02 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Қарағанды облысында жолдарда көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман.
Жетісу облысының таулы аудандарында көктайғақ, түнде және таңертен орталығында, таулы аудандарында тұман күтіледі
Түркістан облысының батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі.
Шымкентте түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ақмола облысының батысында, шығысында тұман күтіледі.
Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде 15-18 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Атырау облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.