257
Қарағандыда 50 млн теңгенің темекісі тәркіленді
Екі күдікті ұсталды.
Полицейлер темекі өнімдерін сататын дүкендердің бірінен заңсыз темекі өнімдерін сату фактісін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 47 мың қорапқа жуық акцизсіз өнім тәркіленді.
Алдын-ала есеп бойынша мемлекетке келтірілген шығын көлемі 50 миллион 274 мың теңгені құрады.
Полиция қызметкерлері аталған өнімдерді сатумен айналысқан екі адамды анықтады.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы және осы іске қатысты басқа да тұлғаларды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.