Павлодардағы балалар үйлерінде қыз зорлаудың 11 дерегі тіркелді

Бұл туралы өңірдегі бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенева мәлімдеді.

Павлодардағы балалар үйлерінде қыз зорлаудың 11 дерегі тіркелді
istockphoto.com
330

Павлодар облысында арнайы мекемелерде балаларды зорлаудың 11 жағдайы анықталды. Бұл туралы өңірдегі бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенева мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.

Балалар үйі мен балаларды қолдау орталықтарында жыныстық қол сұғушылықтар тіркелген.

«Тексеру барысында 11 қыздың ерте бастан пәктігінен айрылғаны тіркеліп отыр. Оның 8-і қазіргі уақытта Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне алынды. Олар бойынша сотқа дейінгі тексеру басталды, күдіктілер анықталып, ұсталды. Үш дерек қылмыстық құқық бұзушылық бойынша тексеріліп жатыр. Бұған қоса балалардың үй жағдайындағы жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырауына қатысты екі дерек тіркеліп отыр», – деп хабарлады бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Сәуле Шәкенова.

Тағы үш факт қылмыстық құқық бұзушылық құрамында тексеріледі. Сондай-ақ, патронаттық тәрбиедегі балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылықтың екі фактісі анықталды. Сонымен қатар барлық қылмыстар бірнеше жыл бұрын жасалғаны белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары