«1,5 млрд теңге сұраған»: Бишімбаевтан моральдық шығын өндіру ісі қайта қаралды

Нүкеновтер отбасы апелляцияға жүгінген.

«1,5 млрд теңге сұраған»: Бишімбаевтан моральдық шығын өндіру ісі қайта қаралды
Автор
Админ
321

Бұған дейін марқұм Салтанат Нүкенованың отбасы сот арқылы Қуандық Бишімбаевтан қылмыстық іс барысындағы шығындар үшін  6 877 672 теңге және моральдық шығын үшін 10 млн теңге өндірген болатын, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бірақ олар соттың бұл шешіміне келіспей, Қуандық Бишімбаевтан 1 млрд 500 млн теңге мөлшерінде моральдық өтемақы өндіру туралы апелляциялық арыз берген.

Бірақ Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы бұрынғы шешімді өзгеріссіз қалдырды. Жәбірленуші тараптың арызы қанағаттандырылған жоқ.

Серіктес жаңалықтары