Оқиға 23 қараша күні болған. Күдікті ұсталған, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Мас жолаушы жолсерікке өткір затпен шабуыл жасаған. Жолсерік жарақат алды. Пойыз қызметкерлері жолаушыны ұстап, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тапсырды», - делінген баспасөз хабарламасында.
Зардап шеккен жолсерікке шұғыл медициналық көмек көрсетіліп, жақын станцияда ауруханаға жеткізілген. Өміріне қауіп жоқ.