190
Шымкентте бір күндік сәбидің өңешіне күрделі ота жасалды
Баланың қазіргі жағдайы тұрақты. Ол дәрігерлердің жіті бақылауында
Шымкентте қалалық перинаталды орталықта жаңа туған сәбиге күрделі ота жасалды.
Zakon.kz мәліметінше, қалалық перзентханадан орталықтың реанимация және қарқынды терапия бөліміне, 3 600 гр салмақпен туылған ер бала жеткізілді.
Кеңірдек ақауымен туылған нәрестеге "өңештің туа біткен атрезиясы яғни кеңірдек – өңештік жыланкөз" диагнозы қойылған.
Жедел әрекет еткен орталықтың тәжірибелі дәрігерлер тобы сәбиге "Кеуде ішілік эзофаго-эзофагостомия" операциясын жасап шықты.
Баланың қазіргі жағдайы тұрақты. Ол дәрігерлердің жіті бақылауында.