«Той жасаймын деп несие алдым»: Атақты блогер қарызға батып кеткенін айтты

Блогер Zheka Fatbelly қарыздан зорға құтылғанын алға тартты.

«Той жасаймын деп несие алдым»: Атақты блогер қарызға батып кеткенін айтты
сурет ашық дереккөзден алынды
177

Zheka Fatbelly лақапатымен танымал блогер Жеңіс Омаров той жасау үшін несие алғанын айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Блогердің айтуынша, осы айда несиенің соңғы қарызын жапқан. Жеңіс Омаров бұлай қарызға батуының негізгі себебі қаржылық сауатсыздық болған екен.

«Молданазар ән шырқап, мен қалыңдығыммен қайықта бірге қол ұстасып шыққан тойым естеріңізде ме? Дәл сол тойды мен несие алып өткіздім. Өткен айда ғана қарызын толық жауып болдым. Қалай қатты депресияға ұщырағанымды әйелім біледі. Үйде көп мазасызданып жүрдім, көбінесе үйге келмеуді шығардым. Ойым басқа жақта жүрді. Бір жерге маркетолог болып жұмысқа орналасып, күні түні жұмыс істей бастадым. Қаржылық сауатсыздығымның кесірінен көп қиындыққа ұшырадым. Тіпті, пәтерімді сатуға бел байладым. Сондықтан біреудің аспаннан ақша түседі дегеніне сенбеңіздер. Бұның барлығы біліммен келеді», - деді блогер Жеңіс Омаров.

 

Серіктес жаңалықтары