«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады.
Синоптиктердің болжамы бойынша, 21 қарашада ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы Шымкент, Алматы, түнде Атырау қалаларында болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.