Астананың жаңадан құрылған Сарайшық ауданының әкімі тағайындалды

Әкім қызметіне Мақсат Саматұлы келді.

Астананың жаңадан құрылған Сарайшық ауданының әкімі тағайындалды
Автор
Админ
192

39 жастағы Мақсат Саматұлы бұған дейін Астана қаласының Алматы ауданының әкімі болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласының Табиғи ресурстар және жер қойнауын пайдалануды реттеу департаментінің маманы болып бастаған. Әр жылдарда Астана қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылығы департаментінде жұмыс істеген.

2012-2019 жылдары Астана қаласының Алматы ауданы әкімінің аппаратында қызмет атқарды.

2019 жылдың мамырынан 2022 жылдың тамызына дейін Алматы ауданы әкімінің орынбасары, Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары болды.

2022 жылдың тамызында Алматы ауданының әкімі болып тағайындалды.

Біраз уақыт бұрын Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Алматы ауданының ұлғайып жатқанын, тұрғын саны 400 мыңнан асқанын мәлімдеген еді.

«Норматив бойынша біз жаңа әкімшілік бірлік құруымыз керек. Биыл осы жұмысты аяқтауды жоспарлап отырмыз», - деген болатын.

Кейін мәслихат жаңа ауданның атайын Сарайшық деп бекітті. Жалпы саны 15 атау түскен. Ең соңында Жерұйық, Сауран, Тұран, Сарайшық деген төрт атау қалған.

 

 

Серіктес жаңалықтары