804
Сейфуллин Жолбарыстың әйелі күйеуімен ажырасып кеткенін мәлімдеді
Ол бұған дейін тамыз айында мұңды жазба жариялап, елді ойландырып қойған еді
Танымал әнші-композитор Сейфуллин Жолбарыстың келіншегі Екатерина Жолбарыс күйеуімен ажырасып кеткенін мәлім етті, деп жазады turkystan.kz Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.
Өзара ортақ шешімге келіп, екі жыл бұрын ажырасып кеткенімізді растаймыз. Еш өкпесіз, бір-бірімізге алғыс айта отырып, қыздарымызға жақсы әке мен ана болуға тырысамыз. Журналистер мен өзге адамдардың артық сұрақ қоймауын сұраймыз, - дейді Екатерина Жолбарыс.
Айта кетейік, ол бұған дейін тамыз айында мұңды жазба жариялап, елді ойландырып қойған еді. Сол кезде ажырасып кетті деп жорамал жасағандар көп болған. Бірақ кейіннен бірге түскен суреттерін салған.