Алматы облысында 18 жастағы жүргізуші 4 адамды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады

Алматы облысында 18 жастағы жүргізуші 4 адамды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен
Алматы облысының полиция департаменті
312

Алматы облысының Есік қаласында 18 жастағы BMW жүргізушісі төрт жаяу жүргіншіні қағып кетті деген күдікке ілінді. Деректерге сүйенсек, ол оқиға орнынан қашып кеткен. Ал зардап шеккендердің бірі көз жұмды. 

Stan.kz мәліметінше, аймақтың полиция департаменті 14 қарашада Есік қаласындағы Алтын Адам аллеясы көшесімен келе жатқан көлік төрт жаяу жүргіншіні қағып, содан кейін оқиға орнынан қашып кеткенін хабарлады.

“Жол апаты салдарынан 16 жасар қыз аудандық ауруханаға жатқызылды. 15 қараша күні таңертең ол алған жарақаттары салдарынан көз жұмды. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады”, – деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде BMW-320I автомашинасын басқарған 18 жастағы жергілікті тұрғын ұталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары