Некесін қиған күні өлі табылған: облыс әкімі оқиғаға қатысты жауап берді

Көпшілік күзетшілердің қайда қарағанын және жағдайды неге бақыламағанына наразы

Некесін қиған күні өлі табылған: облыс әкімі оқиғаға қатысты жауап берді
Видеодан алынған кадр
776

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов 22 жастағы Көкшетаулық Диас Сәкеновтің өліміне қатысты жағдайға пікір білдірді.

Tengrinews.kz мәліметінше, 12 қараша күні Көкшетау қаласында болған оқиға сол аймақты ғана емес, бүкіл елді дүр сілкіндірді. Отау құрған жас жігітті дәл тойы болатын күні Көкшетаудағы ойын-сауық орталықтарының бірінде өлтіріп кеткен. Мекеме басшысының айтуынша, оқиға 1,5 минутта болған. Ешкім көмектесіп үлгермеген.

Көпшілік күзетшілердің қайда қарағанын және жағдайды неге бақыламағанына наразы. Ал марқұмның туыстары тек әділ жаза талап етіп отыр.

Облыс әкімі азаматтардың қауіпсіз демалуы үшін барлық ойын-сауық мекемелеріне белгілі талаптар қойылғанын атап өтті. Ең алдымен, бұл бейнебақылау мен лицензияланған қауіпсіздіктің болуы. Енді қалада мұндай талаптарға сай келмейтін мекемелер анықталып, тіпті тізімі жасалатын болады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әкімшілік және басқа да жазалар қолданылады.

"Қылмыстық іс аясында мекеме басшылығы қандай олқылықтарға жол бергені, яғни күзетшілердің қай жерде болғаны, неліктен құқық қорғау органдарына уақытында хабарламағандығы және т.б. жайттар анықталатын болады" – деді Ахметжанов.

Серіктес жаңалықтары