172
ШҚО-да түтін басқан үйден анасы мен екі баласы құтқарылды
Отбасының анасы полиция қызметкерлеріне алғыс айтып, ризашылығын білдірді
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында полиция қызметкерлері түтін басқан үйден анасы мен екі баласын құтқарып қалды, деп хабалады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Мәлімет бойынша, учаскелік полиция инспекторы Бақытжан Өтеулин мен жүргізуші Алтынбек Мязев бір отбасыны түтін басқан үйден аман алып шықты.
Полиция қызметкерлері «Учаске» жедел алдын алу шарасы барысында Қасым Қайсенов кентіндегі үйлерді аралап жүрген. Сол кезде Байдельдинов көшесіндегі үйден көшеге жүгіріп шығып көмек сұраған қызды кездестірген.
Ол үйде жылу жүйесінде ақау шығып, бөлме ішін түтін басыпты. Соның салдарынан бір отбасының өміріне қауіп төнген.
Тәртіп сақшылары дереу үйге кіріп, әйел мен оның екі баласын далаға шығарған. Осыдан кейін олар құбырдың бітелуі мен бу жіберетін қазанның дұрыс жұмыс істемеуі себебін анықтап, өрттің алдын алды.
Отбасының анасы полиция қызметкерлеріне алғыс айтып, ризашылығын білдірді.