Ақтауда жоғалып кеткен бойжеткен 5 күннен бері табылмай жатыр

Еріктілердің айтуынша, бойжеткен адасып кеткен болуы мүмкін.

Ақтауда жоғалып кеткен бойжеткен 5 күннен бері табылмай жатыр
Lider.kz еріктілер қозғалысы
280

Ақтау қаласының тұрғыны Аида Жиенбай 10 қараша күні із-түзсіз жоғалып кетті.

2005 жылы туған қыз түнгі сағат 31Б шағын ауданындағы №14 үйден шығып, қайтып оралмаған.

Lider.kz қозғалысының еріктілері қала тұрғындарын іздеуге көмек көрсетуін сұрайды. Қала полициясы қыздың жоғалып кетуіне байланысты барлық жеке құрам бағдарланғанын мәлімдеді.

Аида Жиенбайдың белгілері: орта бойлы, II топтағы мүгедек. Үстіне сарғылт түсті тор жейде, күлгін түсті бас киім киген.

Еріктілердің айтуынша, бойжеткен адасып кеткен болуы мүмкін.

Іздеуге көмектескісі келетін немесе қыздың қай жерде жүргені туралы ақпараты бар кез келген адам көрсетілген телефон хабарлассын: +7 700 499 72 92 немесе «102».

Серіктес жаңалықтары