Теміртауда 63 жастағы қария есепшотынан қомақты қаражат жоғалғанын айтып, полицияға арызданған, деп жазады turkystan.kz.
Зейнеткер есепшотынан қомақты ақша жоғалғанын банктегі жинағын тексергенде кездейсоқ білген.
«Әйел адам белгісіз біреудің өз есепшотынан 2 млн теңге ұрлағанын хабарлады. Ақшаның жоғалғанына 10 күннен астам уақыт өтсе де, полиция күдіктіні тез тапты. Күдікті зейнеткердің немересі болып шықты», - делінген хабарламада.
Жасөспірім істеген ісін мойындады. Ақшаның қомақты мөлшерін жұмсап үлгерген.
Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.