Қазақстандық оқушы джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

Ол қарсыласын арқасына лақтыру және аяқтан құлату сияқты өзіндік тәсілдер арқылы 11:0 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстандық оқушы джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды
Фото авторы Самат Қонаев
296

Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында джиу-джитсудан өткен әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстан атынан Екібастұз қаласының мектеп оқушылары қатысты, деп хабарлады turkystan.kz сайты Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Жарысқа «Sam team» клубынан он спортшы аттанды.

Үшінші орын Салсабил Қонаева мен Қасымжан Рамазановқа бұйырды. Айару Салман мен Назымбек Дияр еліне күміс медаль әкелді. Ал жеңіс тұғырының ең жоғарғы сатысына Әзиз Апаханов, Мансұр Темірбай, Ибрагим Мықтыбаев және Сирин, Хадия және Самат Қонаевтар көтерілді.

Хадия Қонаева – байқаудың ең жас жеңімпазы, небәрі алты жасында. Ол қарсыласын арқасына лақтыру және аяқтан құлату сияқты өзіндік тәсілдер арқылы 11:0 есебімен жеңіске жетті.

– Хадия әлем чемпионатына алғаш рет келген. Ол қорқып қалады деп ойлағанмын, өйткені бір кілемде 13 татами күреседі. Бірақ Хадия аяқтан құлатып алу тәсілін қолданып, менің үмітімді ақтады. Осы сайысқа біз 1,5-2 жылдай тыңғылықты дайындадық, – деді чемпионатқа өзі қатысқан жаттықтырушы, әрі қыздың әкесі Самат Қонаев.

Қайнар мектебінде оқитын алты жастағы Хадия қалалық жарыстардың чемпионы және Қарағандыда өткен ашық республикалық турнирдің финалисі болды.

Серіктес жаңалықтары