«Түрімді көріп, шошымаңыз»: Дина Төлепберген жаңа образымен таңғалдырды
Журналист бағдарлама түсірілімінен үзінді жариялады.
Белгілі тележүргізуші Дина Төлепберген желі қолданушыларына жаңа образын көрсетті, деп хабарлады turkystan.kz.
Тележүргізуші өзінің авторлық бағдарламасында ерекше образбен көрінді. Ол бір сәтке қайыршының бейнесіне енген. Журналист неліктен бұл образды таңдағанын бағдардама барысында айтатынын жеткізді.
«Түрімді көріп, шошымаңыз… Өзімнің жаңа бағдарламамның соңын Тіріғали мен Мағрипа аяқтасын деп шештік. Расында, әр бейнеге ену - түйсігіңді тереңдетуге жетелейді екен. «Неге осы образ?» – деп ойланып көріңізші. Бұл жай ғана кейіп емес, жүректен шыққан үн. Ойыңызды бөлісіңіз – бәлкім, Сіздің пікіріңізде шындықтың өзі жатқан шығар…», – деді Дина Төлепберген.
Ал желі қолданушылары болса, Дина Төлепбергеннің бұл образынан шошып кеткендерін жасырмады.
«Шошып кеттім , шынымды айтсам», «Жынды қыз-ай, шошытың ғой» «Сіз негізі нағыз әртіссіз ғой», – деп жазды желі қолданушылары