Мөлдір Әуелбекова Баян Мақсатқызынан кешірім сұрағанын айтты

Өнер иесі болған жанжалдан кейін кішірейіп, өзі бірінші кешірім сұрағанын мәлім етті.

Мөлдір Әуелбекова Баян Мақсатқызынан кешірім сұрағанын айтты
Скриншот/YouTube
605

Әнші Мөлдір Әуелбекова Дина Төлепбергенге сұхбат берді. Онда ол Баян Мақсатқызымен болған даудан кейін қалай татуласқанын айтып берді.

Дина Төлепберген әншіге: «Сенің алғашқы продюсерің Баян Алагөзованың өткізген мерейтойлық кешінде қатысқаныңды көрдік. Көпшілктің сонда айтқаны: «Татуласыпты ғой». Бұл шын мәнінде сенің Баян ханымды қолдап өнер көрсетуің, татулықтың белгісі ме?» деп сұрақ қойды.

Өнер иесі болған жанжалдан кейін кішірейіп, өзі бірінші кешірім сұрағанын мәлім етті.

«Біздің татуласқанымызға біраз жыл болып қойды. Ол кісінің ондай жоба жасамағанына да біраз уақыт болды. Яғни, өзінің ұшырған қарлығаштарын жинамағанына. Арасы ұзақ уақыт болғандықтан, енді татуласты деп ойлаған шығар.

Ол кісі менің — ұзстазым. Әкем маған: «Кең болсаң, кем болмайсың». Кішірейе бер, өзің бірінші бара сал, өзің кешірім сұрай сал» деп үйрететін.

Менің отбасылық өмірімде, шығармашылығымда, өнерде де ондай жағдай көп болды. Сондықтан көп жерде өзім бірінші кешірім сұраймын», - деді ол.

Еске салсақ, бірнеше жыл бұрын отандық БАҚ-тың бірінде Мөлдір Әуелбекованың сұқбаты «Мөлдір Әуелбекова: Баян бізді ашық-шашық киінуге мәжбүрледі» деген атаумен жария болған еді. Онда әнші кезінде Баян Алагөзованың қол астынан неге кеткенін және продюсері оны ашық-шашық киінуге мәжбүрлегені туралы айтқан болатын.

Кейін өнер иелелері бір-бірімен татуласқанын мәлімдеген еді.

 

Серіктес жаңалықтары