Павлодар облысындағы ТЖМ құтқарушылары жеке тұрғын үйдегі және дүкендегі өртті сөндірді, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
“Отты ауыздықтау жұмыстарына екпінді жел мен боран күрделендірді. Сағат 07:22–де жалпы 470 ш. м. ауданды шарпыған өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ”, – делінген хабарламада.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.