Танымал ММА шебері Қуат Хамитов Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұловтың отставкаға кетуіне қатысты пікір білдірді.
«Қазақстан футболын құтқаруға енді ештеңе көмектеспейді, ақырзаман болмаса», – деп жазды ол.
Айта кетейік, кеше, 8 қарашада Әділет Барменқұловтың қызметінен кеткені белгілі болды. Ол өзінің президенттіктен кететіні туралы ұйым жиналысында мәлімдеген.