Ақтөбеде екі айда жол ережесін 308 рет бұзған жүргізуші ұсталды.
Polisia.kz мәліметінше, патрульдік полиция батальонының қызметкерлері "Қорғау" жүйесінің көмегімен шетелдік нөмірі бар ВАЗ-2114 автокөлігін басқарған 35 жастағы жергілікті тұрғынның қала көшелерінде бірнеше рет жылдамдықты асырғанын анықтады.
Айыппұлдардың жалпы сомасы шамамен 11,5 миллион теңгені құрады.
Көлік арнайы тұраққа қойылды.