Астана тұрғыны біреудің көлігін эвакуатормен ұрлап кеткен

Елордада автокөлік ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Астана тұрғыны біреудің көлігін эвакуатормен ұрлап кеткен
istockphoto.com
Автор
Админ
377

Honda Accord көлігінің иесі полицияға жүгінген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол өзінің жүрмей қалған автокөлігін бір ай бұрын көп пәтерлі тұрғын үйдің ауласына қалдырғанын айтқан. Ал көлікті белгісіз біреу тұрған жерінен ұрлап кеткен. Иесі көлігін жарты миллион теңгеге бағалап отыр.

38 жастағы күдікті азамат полицияға жеткізілген.

«Ол өзінің істегенін мойындады. Біраз уақыт автокөлікті бақылап жүрген, иесіз деп ойлаған. Көлікті өз үйіне алып кету үшін эвакуатор шақырып, көліктің өзінікі екеніне сендірген», - деді полиция.

Автокөлік иесіне қайтарылды. Қылмыстық іс қозғалған.

 

Серіктес жаңалықтары