420
Максим Самородов еуропалық клуб сапына ауысуы мүмкін
Аустриялық «Штурм» клубы футболдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородовқа қызығушылық танытып жүр, деп хабарлайды turkystan.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
22 жастағы қазақстандық футболшы былтыр тамызда ресейлік «Ахмат» клубы құрамына ауысқан болатын. Онда өткізген 12 ойында ол 1 гол салып, 2 нәтижелі пасс берді.
Аустриялық клуб Максим Ресей чемпионатына ауыспас бұрын да оның бұрынғы клубы «Ақтөбе» мамандарына 400 мың еуро ұсынған болатын, алайда ақтөбеліктер ол ұсыныстан бас тартқан-тын.
Айта кетейік, «Штурм» – Аустрияның 3 дүркін жеңімпазы әрі қазіргі чемпионы. Сонымен қатар, клуб Аустрия кубогінде 7 рет жеңіске жеткен.