221
Каспий жағалауынан тағы да 121 итбалықтың өлексесі табылды
Итбалықтар солтүстік-батыстан соққан желден жағаға шығып қалған.
Өткен аптада Түпқараған ауданы аумағындағы теңіз жағасынан 289 өлі итбалық жиналған болатын.
Маңғыстау облыстық Балық шаруашылығы инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Андрей Руцкийдің мәлімдеуінше, бүгін 5 қараша күні тағы 121 өлексе анықталды.
«Итбалықтар солтүстік-батыстан соққан желден жағаға шығып қалған. Өңірге Алматы қаласындағы микробиология және вирусология институтының мамандары келіп, Форт-Шевченко, Баутино қалаларына жеткіздік. Олар сынама алуға жарамды өлекселерден материалдар алып бастады. Бұл – бас институт. Ал, осыған дейін келген ғалымдар сынамаларды алып кетті. Зерттеу жұмыстарының алдын ала қорытындысы шамамен 2-3 айда ғана шығады. Өйткені ол ұзақ процесс», - дейді Маңғыстау облыстық Балық шаруашылығы инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Андрей Руцкий.