«Астана» клубының жаттықтырушысына 1 млн теңге айыппұл салынды

Матч біткен соң дау туындап, жаттықтырушы Бабаян ойыншыға қол көтерген.

«Астана» клубының жаттықтырушысына 1 млн теңге айыппұл салынды
instagram/ «Астана» ФК
230

«Астана» футбол клубының жаттықтырушысы Григорий Бабаянға кездесуден кейінгі әрекеті үшін 1 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлады turkystan.kz.

Қазақстан футбол федерациясының мәліметіше, жанжал 30 қазанда «Астана» мен «Атырау» клубтарының арасындағы матчтан кейін болған.

Ойында 3:2 есебімен астаналық клуб жеңіске жетті. Алайда, матч біткен соң дау туындап, жаттықтырушы Бабаян ойыншыға қол көтерген.

Тәртіп бұзушылық Қазақстан футбол федерациясының Бақылау, тәртіптік және этика комитетінің отырысында қаралған.

«ҚФФ Этика кодексінің 10, 12, 13 тармақтарын бұзғаны үшін 48-тармақты негізге ала отырып «Астана» құрамасының жаттықтырушысы Бабаян Григорийді 2 матчқа ойыннан алшақтатып, 300 АЕК немесе 1 107 600 теңге айыппұл салынды. Ойыннан алшақтату мерзімі 2024 жылдың 31 қазанынан бастап есептеледі. Айыппұлды 2024 жылдың 1 желтоқсанына дейін төлеуі керек», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, «Атырау» клубына 369 200 теңге айыппұл салынған.

Серіктес жаңалықтары