381
Түркістанда 7 жастағы қызды зорлаған адам 25 жылға сотталды
Педофил 25 жылға сотталды
Түркістан облысында 14 жыл іздеуде болған педофилге қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы #НеМолчиKZ қорының өкілдері жазды.
Azattyq Ryhy мәліметінше, оқиға 2010 жылы маусымда болған.
«Істі 9 жыл тергеді. Бірақ күдікті табылмады. Қыздың анасы Динаға хабарласып, қыздан жауап алынды. Жалпы 14 жыл іздеуде болды. Қазір қыз 21 жаста», - дейді #НеМолчиKZ өкілдері.
Қыздың анасы Түркістан облысындағы тергеуші бес жыл бойы байланыста болғанын айтты. Қор өкілдерінің айтуынша, қылмыскер түрмеден табылған. Ол осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан.
Педофил 25 жылға сотталды.