Қайрат Боранбаев Футбол федерациясы атқарушы комитетінің мүшесі болды

Әділет Барменқұлов 2024 жылы федерация атқарған жұмыс жайлы есеп берді.

Қайрат Боранбаев Футбол федерациясы атқарушы комитетінің мүшесі болды
"Қайрат" ФК
289

Федерацияның Астанада өткен конференциясында ҚФФ жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, қаржы есебін бекіту және ҚФФ атқарушы комитетінің құрамын өзгерту туралы мәселелер қаралды. 

Атқарушы комитет мүшелігіне «Қайрат» футбол клубынан Қайрат Боранбаев алынды.

Жиында ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов 2024 жылы федерация атқарған жұмыс жайлы айтты.

«Маңызды шешімнің алдында тұрмыз: Қазақстанда толыққанды футбол бизнес-индустриясын құру. Мақсатымыз – кәсіби футболды дамытып қана қоймай, оның айналасында тұрақты бизнес құру. Бүгінде халықаралық практиканы біздің нарыққа ыңғайлап, өз нарығымызды құрып жатырмыз. Бұл білікті футбол мамандарын дайындап, сапалы инфрақұрылым, медиаөнімдер мен трансферлік нарықты дамытуды талап етеді.

 Мемлекет футболдың дамуына белсенді көмектесіп, оның қоғамдағы рөлінің маңызын мойындайды. Бұл ұлттың денсаулығына оң әсер тигізіп, қылмыс деңгейінің төмендеуіне ықпал етеді. Соңғы бір жылда біздің салған инвестициямыздан қоғамдық қайтарым 536 миллион еуроны құрап, 1,8 миллиард еуроға дейін өсу мүмкіндігін береді.

Мемлекет басшысы ел бойынша ірі стадиондарды салуды тапсырды. Осы арқылы инфрақұрылым мәселелері шешіледі. Ал біз өз тарапымыздан 100% дайын болуымыз қажет», - деді Барменқұлов.

Серіктес жаңалықтары