«40 жылдан кейін бұйырыпты»: Ләйлә Сұлтанқызы естеліктерін бөлісті
Тележүргізуші 40 жыл бұрынғы суретті жариялады.
Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы балалық шағындағы естеліктерін айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
Әлеуметтік желідегі парақшасында журналист 40 жыл бұрын ауылда ағасы және інісімен бірге түскен суретті жүктеді.
«Бұл менің балалық шағымның куәсі бұрынғы Қайнардың маңындағы ауылым Қайтпас 1, бүгінгі Нұртас шағын ауданы. Араға 40 жыл салып осы суретті (жалғыз) қайталау бұйырыпты. Ағам Бозарықта, інім Қаскелеңде отбасымен тұрады. «50 жылда ел жаңа» демекші, кезінде құр бос жатқан алқапта қазір зәулім үйлер, алфальтталған жолдар, кемі 10-шақты дүкен, ауруханалар, мектептер салынған. Халықтың қазіргі тұрмыс-тіршілігі де әлдеқайда жақсы. Шүкір! Ал Қайнардың алды жөнделген, ел барып демалатын сәнді орынға айналған», - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.