581
«Құдай, маған күйеу берші» дедім»: Тамара Асар жан сырын ақтарды
“Мына әйелге үйленемін” деп мені көрсетіп, айтып бара жатты. Мен естіп тұрдым, дейді әнші
Әнші Тамара Асар алғаш рет жолдасына қатысты сұраққа жауап берді.
Өнер иесі “Әйел әлемі” бағдарламасына жолдасымен қалай танысқанын айтты.
“Осы күнге дейін ұлым үшін ғана өмір сүрдім. Барлық жетістігімді соған арнадым. бір күні қатты шаршадым. Концерттен-концерт болып кетті. Қонақ үйге келіп, “Құдай, маған күйеу берші” дедім. Соны тілеп жатып, ұйықтап кеттім. Ондай дұға жасағанымды да ұмытып қалғанмын. Күйеуімді тура бір аптадан кейін жолықтырдым. “Мына әйелге үйленемін” деп мені көрсетіп, айтып бара жатты. Мен естіп тұрдым. Тура сол сөзден кейін жеті күнде тұрмысқа шығып кеттім”, – деді әнші.