272
Бишімбаевқа үкім шығарған судья «Мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталды
Айжан Құлбаева сот жүйесіндегі көп жылғы жемісті қызметі және дамытуға қосқан үлесі үшін марапатқа ие болды.
Бишімбаев ісі бойынша үкім шығарған судья Айжан Құлбаева марапатталды, деп хабарлады turkystan.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы Айсұлу Сламбекова салтанатты жағдайда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Айжан Құлбаеваға ведомстволық марапатты табыстады.
Айжан Құлбаева сот жүйесіндегі көп жылғы жемісті қызметі және дамытуға қосқан үлесі үшін жоғарғы соттың ІІ дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалімен марапатталды.
Айсұлу Сламбекова сот төрағасы Құлбаеваның істерді адал, сапалы қарайтынын атап өтіп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.