Бүгін – Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туған күні

Қаламгер 1912 жылы Троицкідегі Ахун Рахманқұли медресесіне түседі.

Бүгін – Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туған күні
Автор
Админ
224

Осы кезден ақыңдыққа ден қойып, «Оқып жүрген жастарға», «Тәліптерге», «Ендігі беталыс», «Оқудағы мақсат не?», «Шығамын тірі болсам адам болып», т.б. өлеңдерін, «Зарландым» атты ұзақ очеркін жазды. Осы тұста «Қамар сұлу» романын жазуды бастады.

Ол өмір шындығын көркем бейнелей келе, қазақ өлеңінің мазмұнын кеңейтті, сырға толы лирикалық жырлар қалдырды. Көптеген әңгіме, очерктер, әдеби-сын мақалалар жазды, екі роман («Қамар сұлу», «Кім жазықты?»), төрт поэмасын («Таныстыру», «Адасқан өмір», «Кедей», «Айтыс») жариялады.

Қаламгер «Қамар сұлуда» әйел теңсіздігі мәселесін көтере отырып, дәуір шындығын әлеуметтік тұрғыда талдады.

Торайғыров шығармалары – 20 ғасырдың басындағы қазақ қоғамы шындығын, ондағы жаңашыл ой-пікірдің дамуын танытатын үлкен мұра.

Серіктес жаңалықтары