1427
«Менсіз ешкім емес»: Сиви Махмуди іздеу жарияланған бұрынғы күйеуі туралы айтты
Әнші Сиви Махмуди желіде іздеу жаияланған бұрынғы күйеуіне қатысты жазба жариялады.
"Соңғы жалалықты естідіңіздер ме? Өзім де таң қалып отырмын. Мен бұрынғы күйеуіммен 2017 жылы ажырасып кеткенмін, бірақ 2020 жылы толық ажырастық, содан кейін кездескен де, сөйлескен де емеспіз. Құрметті БАҚ өкілдері барлық жерде менің есімімді қалай қолдануға болады? Өкінішке қарай, ол менсіз ешкім емес болғаны ғой…Барлық жерде Сивидің бұрынғы күйеуі деп жазылған, менің атымды атамаса болмас па еді", - деп жазды ол.
Айта кетейік, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуі Аңсар Қажымұханұлына іздеу жариялағаны хабарланды.