Тиранада (Албания) 23 жасқа дейінгі жастар арасында еркін күрестен өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Ризабек Айтмұхан финалға жолдама алды.
Қазақстандық балуан 97 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда ресейлік Шамиль Гаджиалиевті 7:4 есебімен жеңді.
Отандасымыз бүгін, 27 қазан күні финалда ирандық Махди Морафамен белдеседі.