Қазгидромет 1 қарашаға ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Кең ауқымды антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейеді. Солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман түседі.
Алматы облысында, Жетісу облысында, Қызылорда облысының солтүстігінде 1-8 градус үсік күтіледі.
Қызылорда, Атырау облыстарында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Маңғыстау облысының орталығында, Ұлытау облысының батысында, орталығында, Жетісу облысының шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.