302
Әлем чемпионаты: Ризабек Айтмұхан мен Алан Оралбек жартылай финалда күреседі
Еркін күрестен Ұлттық құраманың екі палуаны Тиранада өтіп жатқан (U23) әлем чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті.
Санаулы сəттер бұрын Алан Оралбек (57 кг) моңғолиялық Жигур Сарантуядан айласын асырды. Ал еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан (97 кг) еш қиындықсыз Владислав Козловтың (Бейтарап атлет) осал тұсын тауып, таза ұтты.
Жартылай финал белдесулері бір жарым сағаттан соң басталады.
Өкінішке қарай, ширек финалда бақ сынаған Ернұр Нұрғазы (70 кг) мен Жеңіс Қаныбеков (79 кг) ұтылып қалды. Егер қарсыластары артық сынға жолдама алса, екі отандасымыз ертең күндіз жұбаныш кезеңінде күреседі.