254
Олимпиада жүлдегері Александра Ле нысана көздеуден Қазақстан рекордын жаңартты
Ұлттық құрама мергені 10 метрден винтовкамен оқ атуда 633.5 ұпай жинады
Нысана көздеуден аралас жұптық сында Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Александра Ле Шымкент қаласында өтіп жатқан турнирде ел рекордын тіркеді, деп хабарлады ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ұлттық құрама мергені 10 метрден винтовкамен оқ атуда 633.5 ұпай жинады.
Александра биыл осыған жақын ұпайды Мюнхендегі Әлем Кубогының шешуші кезеңінде жинаған болатын (632 балл).
Ал осыған дейінгі үздік көрсеткіш Елизавета Безруковаға тиесілі болған (632.7 ұпай). Безрукова бұл нәтижені биыл наурызда Шымкентте өткен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында көрсеткен.