364
Доллар бағамы төмендеді
Америкалық валюта бағамы 1,14 теңгеге төмендеген.
KASE Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысына сәйкес доллардың орташа сараланған бағамы 485,11 теңге болып, 1,14 теңгеге төмендеді, деп хабарлады turkystan.kz.
kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 484,66 теңгеге, сатылымы 486,53 теңгеге тең. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 484,01 теңгеден сатып алынып, 488,06 теңгеден сатылып жатыр.
Еске салайық, 23 қазанда KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,19 теңгеге көтеріліп, 486,65 теңге болған.