Бүгін Алматы облысы Бақанас ауылының маңында «Охотзоопром» инспекторлары қызыл кітапқа енген жануардың еті салынған көлікті ұстады, деп хабарлады turkystan.kz Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ көлікте 16 калибрлі аңшылық қарудың екі бірлігі және бір прожектор табылған.
Қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін көрсететін жеткілікті деректердің болуын ескере отырып, ҚР ҚК 337-бабының 3-бөлігі бойынша тергеу әрекеттері басталды.
Іс Балқаш аудандық полиция бөліміне жіберілді.