«Талғат Теменовтен кешірім сұрағым келеді»: Баян Мақсатқызы сырын айтты

Баян Алагөзова өміріндегі өкінетін жайттарға тоқталды.

«Талғат Теменовтен кешірім сұрағым келеді»: Баян Мақсатқызы сырын айтты
сурет ашық дереккөзден алынды
657

Танымал продюсер Баян Алагөзова «Din Dina show» бағдарламасында сұхбат берді, деп хабарлады turkystan.kz.

Сұхбатта Баян Мақсатқызы режиссер Талғат Теменовтен кешірім сұрағысы келетінін айтты. Талғат Теменов ең алғаш Баянды танымал еткен «Махаббат бекеті» фильмінің екінші маусымына түсуге ұсыныс жасағанда продюсер ханым келіспеген. Бірақ қазір сол әрекеті үшін өкінетінін жеткізді.

«Мен Талғат Теменовтен кешірім сұрағым келеді. Бір сәтте Орал қаласынан шыққан кішкентай Баянды барша Қазақстанға танымал жұлдыз қылған еді. Мен «Махаббат бекеті» фильміне түсіп берден танымалдылыққа ие болдым. Кейін арамызда түсініспеушіліктер болды. Ол фильмнің жалғасын түсіргісі келген кезде «Мен киноға енді түспеймін», «Сіз маған енді керек емессіз» деп қатты айтып қойдым. Талғат Теменов менің алғашқы ұстазым әрі көп нәрсені сол кісіден үйрендім. Реті келіп тұрғанда, сол кездегі қатігездігім үшін одан кешірім сұрағым келеді», - деді Баян Алагөзова Дина Төлепбергенге берген сұхбатта.

 

Серіктес жаңалықтары