531
Атырауда бес күн бұрын жоғалып кеткен бойжеткеннің мәйіті табылды
23 жастағы бойжеткен 18 қазан күні кешкі сағат 22:00-де үйінен шығып, сол күйі оралмаған.
Жақындары сол күні іздеу салғанымен, бойжеткенді ешкім таба алмай қойған.
Аталған факті бойынша Атырау облысының Полиция департаменті 24 және 25 жастағы екі адамды ұстаған. Оларға екі бап – адам ұрлау және өлтіру баптары бойынша айып тағылып отыр. Қазір олар уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.